jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбеде түнгі клубта тексеру жүргізілді: 17 адам полиция бөліміне жеткізілді

    Түнгі клуб
    Түнгі клуб. Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ДП

    Ақтөбеде түнгі клубта жүргізілген рейд кезінде құқық бұзушылықтар анықталды – полиция бөліміне 17 адам жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

    ІІМ-нің ведомстволық сайтының жазуынша, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде полиция қызметкерлері тексеру жүргізген.

    Тексеру барысында клубтың ерлер дәретханасынан есірткіге ұқсас үш орам табылып, тәркіленген. Сонымен қатар металл кастет пен екі жиналмалы пышақ, бар сөресінің маңынан төрт кальян табылған.

    Бұдан бөлек, тексеру кезінде ойын-сауық орнында 17 жастағы жасөспірімнің болғаны анықталған. Бұл – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына қатысты заң талаптарын бұзу болып саналады.

    Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ойын-сауық орнының әкімшілігіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы, 441-бабының 1-бөлігі және 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

    Сондай-ақ тексеру барысында клубтың күзет қызметкерлерінің тиісті еңбек шартын жасаспай жұмыс істегені анықталған. Жалпы, полиция бөліміне 17 адам жеткізілген.

    Тәркіленген заттар олардың құрамын және есірткіге немесе айналымына тыйым салынған өзге де заттарға қатыстылығын анықтау үшін зерттеуге жолданған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтауға және ықтимал қылмыстық әрекеттерді құжаттауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

    Зерттеу нәтижелері мен тергеу қорытындысы бойынша қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

    Ақтөбеде түнгі клубта тексеру жүргізілді: 17 адам полиция бөліміне жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.