Алматы жолдарындағы жағдай: бір тәулікте мыңдаған ереже бұзушылық тіркелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда өткен тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталды – 33 автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды мегаполис прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, анықталған бұзушылықтардың ішінде 252-сі ең қауіпті деп танылған. Олар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндірген.
Ең көп тіркелген ереже бұзушылықтар қатарында мыналар бар: қауіпсіздік белдігін тақпау – 128 дерек, маневр жасау ережелерін сақтамау – 68 дерек және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану – 35 дерек.
Анықталған басқа да бұзушылықтар:
- қарсы бағытқа шығу – 9 дерек;
- мас күйінде көлік жүргізу – 7 дерек;
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүру – 3 дерек;
- көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік тізгіндеуі – 2 дерек.
Жалпы саны 33 көлік арнайы айып тұрағына қойылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2414147-almaty-zholdaryndagy-zhagdai-bir-taulikte-myngdagan-erezhe-buzushylyq-tirkeldi/
