jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторына сот үкімі шықты

    Гүлнар Бажкенова
    Гүлнар Бажкенова. Фото: Instagram / bazhkenova

    Алматыда Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алматы қалалық сотының мәліметінше, 18 тамызда Бостандық аудандық №2 қылмыстық соты Гүлнар Бажкеноваға қатысты үкім шығарды. Оған жазасын екі жылға кейінге қалдыра отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    "Тергеу барысында Б.-ның 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы желтоқсан аралығында басшы бола тұра, қызметтік бабын асыра пайдаланғаны анықталды. Ол компания шоттарынан 88 144 127 теңгені жымқырған. Ақшаны өзіне қарасты жеке кәсіпкердің есепшотына жалған жарнамалық, кәсіби және ғылыми қызметтер үшін төлем ретінде аударған. Сондай-ақ ұлының жекеменшік халықаралық мектептегі оқу ақысын төлеген", - делінген сот хабарламасында.

    Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмеген Б. Алматы қаласында пәтерлерді сатып алу және сату арқылы 121 200 000 теңге көлемінде табыс алған, бұл ретте салық төлемдерін төлемеген.

    "2024-2025 жылдар аралығында "О" ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы бола тұра, Б. бірнеше рет (8 эпизод) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпарат таратқан. Салдарынан азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген", - деп хабарлады сот өкілдері.

    Сот үкімі

    Сот үкіміне сәйкес, Гүлнар Бажкенова кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика, блогинг, көпшілік іс-шаралар және өзге де қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Бұған қоса БАҚ-қа қатысты ұйымдарда басшылық және материалдық жауапты қызметтерді атқаруына тыйым салынды.

    Бұдан бөлек 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау екі жылға кейінге қалдырылды.

    Сондай-ақ Гүлнар Бажкенова материалдық шығынды өтеу үшін 95 992 350 теңге, мемлекеттік баж салығына 2 879 770 теңге, жәбірленуші тараптың заң көмегі мен процессуалдық шығындары үшін 6 800 000 теңге төлеуге тиіс.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Алматыда Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторына сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.