jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

    кісен ұстап тұрған полицей
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Астанада кісі өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды. Күдікті ретінде Павлодар облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

    Алайда айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған. Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

    "Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

    Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда.

    Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

    Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.