Жеңіс Әуелбеков полиция подполковнигі атағынан айырылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы болған Жеңіс Әуелбековке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ге сілтеме жасап.
Істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Жеңіс Әуелбеков бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оған 23 млн 531 мың 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ол полиция подполковнигі арнайы атағынан айырылды. Бұдан бөлек ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, биыл маусымда желіде Шымкентте көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жеңіс Әуелбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Оның Қытай азаматтарынан құжат мәселесіне көмектескені үшін 100 мың теңге алғаннан кейін ұсталғаны айтылды.
Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2414924-zhengis-auelbekov-politsiia-podpolkovnigi-atagynan-aiyryldy/
