jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда қалтасынан 53 бума ұнтақ зат табылды деген күдікті қамауға алынды

    ұсталған адам
    Ұстау операциясы. Видеодан кадр: Алматы ПД баспасөз қызметі

    Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен ер адам ұсталды. Оның қалтасынан 53 бума ұнтақ зат табылды. Тағы 100 граммға жуық ұнтақ тәрізді зат сол үйдегі жалдамалы пәтерден тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полициясына сілтеме жасап.

    Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің баспалдақ алаңында ер адамды ұстады.

    Оның қалтасынан 53 бума есірткі зат табылды.

    "Бумалар мұқият изолентамен оралған. Пәтерді тінту барысында полицейлер орау материалдары мен электронды таразыны анықтады", - делінген хабарламада.

    Полиция мәліметінше, ер адам бұл пәтерді ұсталғанға дейін бір күн бұрын ғана жалға алған.

    Қазіргі таңда полиция тәркіленген заттың шығу тегін және ұсталған адамның есірткінің заңсыз айналымындағы рөлін анықтап жатыр.

    Заттың құрамы мен нақты салмағын анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Полицияның мәліметінше, бұған дейін де ер адам полицейлердің назарына іліккен. Атап айтқанда, бөтеннің мүлкін ұрлау фактілеріне қатысы болған.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

    Алматыда қалтасынан 53 бума ұнтақ зат табылды деген күдікті қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.