jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанай облысының тұрғыны 10 мың теңге үшін сотталды

    Банк картасы
    Банк картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қостанай облысының тұрғыны 10 мың теңге үшін сотталды. Оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны оңай жолмен ақша табуды көздеп, 10 мың теңгеге өзінің банк шотын алаяқтарға берген. Нәтижесінде оның шоты қылмыстық схемада пайдаланылып, өзі қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

    Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 1 жылға пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасының бастамасымен сот процесі аудан тұрғындарының қатысуымен ашық форматта өтті. Нақты мысал арқылы қатысушыларға оңай табыс табуға ұмтылудың қылмыстық жауаптылыққа әкелуі мүмкін екені көрсетілді.

    Прокуратура дропперлік үшін заңнамада айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделгенін еске салды.

    Қостанай облысының тұрғыны 10 мың теңге үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.