jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау тұрғыны емханадағы қылығы үшін айыппұл төлейтін болды

    емхана
    Емхана. Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау тұрғыны емханаға барған кезде басқа әйелмен сөзге келіп қалып, соның кесірінен сот алдына келді. Құқық бұзушыға айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атырау облыстық соттарының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралды.

    Сотта 2026 жылғы 10 тамызда, сағат 20:15 шамасында әйел Атырау қалалық емханасында, яғни қоғамдық жерде, жәбірленуші Б.-мен өзара сөзге келіспей, ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларды елемей, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

    Әйелдің әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, жәбірленушінің арызымен толық дәлелденді.

    Аталған баптың санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 20 сағаттан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

    ️Сот құқық бұзушылықтың сипатын, Е.-нің құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, әйелді кінәлі деп танып, 60 550 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

    Сот қаулысы заңды күшіне енді.

    Атырау тұрғыны емханадағы қылығы үшін айыппұл төлейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.