Алматыда жалған мемлекеттік нөмір үшін 35 мың теңге төлеген жүргізуші айыппұл арқалады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірі бар көлікті анықтады. Жүргізуші нөмірді интернет арқылы тапсырыс беріп алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полицияға сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің Instagram парақшасында Volkswagen көлігі туралы ақпарат жарияланды. Бостандық ауданының полицейлері көлікті 18 тамызда сағат 12:20 шамасында Жандосов көшесінде тоқтатқан.
Тексеру барысында көліктің артқы мемлекеттік нөмірлік белгісінің қолдан жасалғаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты жалған мемлекеттік нөмірді орнатқаны және көлікті жалған тіркеу нөмірімен басқарғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік иесінің айтуынша, ол бұған дейін мемлекеттік нөмірін жоғалтып алып, оны интернет арқылы қайта жасатуға тапсырыс берген. Қолдан жасалған нөмір үшін 35 мың теңге төлеген.
Полицейлер жалған мемлекеттік нөмір – мәселені шешудің жолы еместігін, керісінше, жаңа құқық бұзушылыққа әкелетінін ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2415087-almatyda-zhalgan-memlekettik-nomir-ushin-35-myng-tengge-tolegen-zhurgizushi-aiyppul-arqalady-video/
