jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында аутист баланың қол-аяғын байлап тастаған: қылмыстық іс қозғалды (видео)

    оңалту орталығы
    Оңалту орталығы. Видеодан кадр: instagram.com/bairaq_media

    Қазақстандықтар желіде Жамбыл облысындағы оңалту орталықтарының бірінде түсірілген видеоны талқылап жатыр. Онда аутист баланың қол-аяғы байланғаны көрсетілген. Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облысындағы оңалту орталықтарының бірінде түсірілген видео Instagram-дағы Bairaq media парақшасында жарияланды.

    "Баланың әпкесінің айтуынша, оңалту орталығының тәрбиешілері сөйлей алмайтын інісінің қол-аяғын байлап, оны ұйықтатпақ болған. Оның сөзінше, тәрбиеші бұған дейін де балаға қол көтерген. Содан кейін туыстары бала басынан жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

    Алайда балабақша өкілі оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Ол мекемеде өз-өзіне зиян келтіретін балалар бар екенін мәлімдеді", - делінген жазбада.

    Бұған қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті жауап берді.

    "Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар тұлғалардың әрекетіне заңға сәйкес баға беріледі.

    Тергеу Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында", - делінген түсінікте.

    Жамбыл облысында аутист баланың қол-аяғын байлап тастаған: қылмыстық іс қозғалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.