jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Екібастұздағы арнайы операция: ағайынды екі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    арнайы операция
    Арнайы операция. Видеодан кадр: polisia.kz

    Павлодар облысы Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана қызметінің жолы кесілді. Ағайынды екі адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылымның хабарлауынша, олар тұрғын үйдің ауласында тыйым салынған заттарды синтездеуге жабдықталған гаражда "синтетиканы" ірі көлемде өндіруді жолға қойған.

    "Тінту барысында 10 келіден астам "альфа-PVP" психотроптық заты, 860 литр химиялық сұйықтық, оның ішінде 300 литрлік реактор-сыйымдылық, зертханалық ыдыстар, таразылар және жеке қорғаныс құралдары тәркіленді.

    Күдіктілердің әрекеттерін Signal мессенджеріндегі куратор үйлестіріп отырғаны анықталды. Ол есірткі өндірудің бүкіл циклін бақылап, оларға прекурсорлар салынған жасырын орындарды қалдырып отырған", - дейді ІІМ өкілі.

    Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Енді ұйымдастырушыларға тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жазалау шарасы тағайындалуы мүмкін.

    Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прекурсорларды жеткізу арналарын, сондай-ақ есірткі бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша одан әрі іс-шаралар жүргізілуде.

    Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң әрі ымырасыз түрде тоқтатылатынын ескертеді. Полиция барлық азаматты "Заң мен тәртіпті" сақтауға шақырады.

    Екібастұздағы арнайы операция: ағайынды екі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.