Қазақстанда шетел азаматтығын алған 35 адам жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық алған 35 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан өңірде 550-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылған. Олардың басым бөлігі басқа мемлекеттердің азаматтығын алған.
Алайда кейбірі әлеуметтік, зейнетақы және басқа да мемлекеттік жеңілдіктерді сақтап қалуды көздейді. Олар елге кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланып жүрген.
Азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 26 жағдайда азаматтар шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламаған. Тағы 9 адам Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін пайдаланып келген.
Осындай жағдайлардың бірі Өскеменде тіркелді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері 64 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алғанын уақытылы хабарламаған және қазақстандық құжаттарды пайдалануды жалғастырған. Тексеру барысында әйелдің құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2415272-qazaqstanda-shetel-azamattygyn-algan-35-adam-zhauapqa-tartyldy/
