Астанада стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың концерті тоқтатылды: мән-жайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың Астанада концерті күтпеген жерден үзілгені туралы ақпарат тарады. Қалалық әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы NewsRoom99 арнасында Астанада комик Ғалым Қалиақпаровтың концерті күтпеген жерден үзілгені туралы ақпарат жарияланды. Белгісіз біреу іс-шара заңсыз өтіп жатқанын мәлімдеген.
"Неге деген сұрақтан соң дау басталды. Ер адам комик сахнада бейәдеп сөз айтқанын мәлімдеді. Көрермендер дәлел сұрады, бірақ ешкім ештеңе көрсетпеді. Комик өз кезегінде концерт үшін ақшаны қайтармайтынын және 10 тәуліктен кейін кездесуді ұсынатынын айтып әзілдеді", - делінген хабарламада.
Есіл ауданының әкімдігі NUR.KZ тілшісіне 19 тамыздағы концерт ресми түрде келісілмегенін түсіндірді. Ұйымдастырушылар іс-шараға 10 күн қалғанда әкімдікке міндетті хабарлама жібермеген.
"Әкімдік өкілдері заңнама нормаларын және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру үшін оқиға орнына барды. Алайда ұйымдастырушылар қызметкерлердің мекеме аумағына кіруіне кедергі келтірді.
Осыған байланысты Есіл аудандық полиция басқармасында ұйымдастырушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға заң талаптары мен келісілмеген бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі ықтимал тәуекелдер егжей-тегжейлі түсіндірілді. Содан кейін ұйымдастырушылар босатылды", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Билік өкілдері хабарлама беру рәсімі тек формалды нәрсе емес екенін атап өтті. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігі үшін маңызды шарт. Ол төтенше жағдай туындаған кезде келушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін шұғыл қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2415302-astanada-stendap-komik-galym-qaliaqparovtyng-kontserti-toqtatyldy-man-zhaiy-belgili-boldy/
