Астаналық фельдшердің өліміне қатысты сот: айыпталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзауанның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Ол тұрғын үйдің қасбеті құлауының салдарынан қаза тапқан еді. Айыпталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іске қорғаушы Асхат Әлімов кірісті. Ол іспен танысуға уақыт беруді сұрады, алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырусыз қалдырды.
"Айыпталушының бірінші сот отырысынан бері қорғаушысы бар. Ол қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыт сұраған. Сол себепті оның өтініші негізінде сот отырысы басқа күнге ауыстырылды.
Қылмыстық іс материалдарымен танысуға жеткілікті уақыт берілді. Сонымен қатар сот іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот отырыстарының арасында қылмыстық істің барлық материалдарымен танысуға құқылы екенін түсіндіреді", - деді судья Меруерт Абаева.
Алайда адвокат Асхат Әлімов мұнымен келіспеді. Ол судьяға қарсылық білдірді.
Қорғаушы атап өткендей, қылмыстық іс 12 томнан тұрады.
"Менің қорғалушымның тағдыры шешіліп жатыр. Ол тек шілдеде күдікті деп танылды, оған дейін куәгер мәртебесінде болған. Оған небәрі бір ай ғана берілді және ол іс материалдарымен танысып үлгермеді. Қорғалушымның құқықтары бұзылып жатыр, осыған байланысты судьяға қарсылық білдіреміз", - деді адвокат.
Ол асығыстықты түсінбейтінін айтты.
"Сіздердің қарсылықтарыңыз сот отырысының хаттамасына тиісті түрде енгізілді. Сонымен қатар сот процеске қатысушыларға бұл жағдайда айыпталушының қорғану құқығы бұзылмағанын түсіндіреді. Себебі 2020 жылдың 14 тамызында айыпталушыны қылмыстық іс материалдарымен танысуға уақыт берілген адвокат қорғайтыны белгілі болды", - деп толықтырды сөзін судья.
Ол үзіліс жариялады. Оның айтуынша, үзілістен кейін судьяға қарсылық мәселесін қарау басқа судьяға немесе төрағалық етуші судьяның міндетін атқарушыға тапсырылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2415363-astanalyq-feldsherding-olimine-qatysty-sot-aiyptalushynyng-advokaty-sudiaga-qarsylyq-bildirdi/
