jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    20 жеке сот орындаушысы құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған

    Онлайн-ойын
    Онлайн-ойын. Иллюстрациялық фото: SolStock/Getty Images

    Алматы облысында құмар ойындарға 180 млн теңге жұмсаған 20 жеке сот орындаушысы (ЖСО) анықталды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталған. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтаған.

    Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болған.

    "Жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді", - делінген хабарламада.

    Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілген.

    20 жеке сот орындаушысы құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.