Шымкентте жасөспірім пышақ жарақатын алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте жасөспірім аяғынан пышақ жарақатын алды, полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Instagram-дағы kritika_shymkent парақшасында 17 тамызда Шымкенттегі дендросаябақта жасөспірімдердің қатысы бар оқиға болғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Кассаның дәл жанында фудтрак қызметкерлері бір-бірінің аяғына пышақ сұғып алды. Бұл не деген бассыздық, ата-аналар мен басшылық қайда қарап отыр? Кәмелетке толмаған балалар, ересектерсіз, пышақпен жүр", - делінген жазбада.
Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бір адам зардап шеккені анықталды.
"Оқиғаға қатысы барлар анықталды. Пышақ жарақатын алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жанжалдың себептері анықталып жатыр.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда", - деп нақтылады полиция.
Шымкент қалалық ПД өкілдері тексеру нәтижесі бойынша барлық қатысушы тұлғалардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген шаралар қабылданатынын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2415818-shymkentte-zhasospirim-pyshaq-zharaqatyn-aldy/
