"290 млн теңге салық төлеуден жалтарған": іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды
Жарияланған күні:

Бас прокуратура аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған деп күдікке ілінген Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысында күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
"Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған", - дейді прокуратура өкілі.
Биыл қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған айып бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2415867-290-mln-tengge-salyq-toleuden-zhaltargan-izdeude-zhurgen-qazaqstan-azamaty-reseiden-ekstraditsiialandy/
