jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы полицейдің өлімі: Кассациялық сот іс бойынша сотталған адамның жаза мерзімін қайта қарады

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Кассациялық сот былтыр қаңтарда Алматыдағы барда болған полицейдің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Telegram-дағы арнасында оқиғаның 2025 жылғы 11 қаңтарда Алматыдағы "Пинта" барында болғанын еске салды.

    "Сотталған Р. жәбірленуші Н. және басқа да адамдармен бір үстелде отырған. Н.-нің  Р.-ға бірге отырған әйелдердің біріне қатысты мінез-құлқына байланысты ескерту жасағаннан кейін, олардың арасында жанжал туындап, ол сыртта жалғасып, төбелеске ұласқан. Төбелес барысында Н. Р.-ға бірнеше рет соққы жасаған.

    Осыдан кейін Р. пышақ алып, Н.-ға екі рет соққы жасаған, алған жарақаттарының салдарынан ол кейін қайтыс болған", - делінген сот хабарламасында.

    Кассациялық сатыдағы сот іс бойынша  дәлелдер мен бейнежазбаларды зерттей келе, жанжалдың бұзақылық ниетпен емес, кенеттен туындаған араздық қатынастар негізінде пайда болғанын растады.

    "Төбелестің бастамашысы Р.-ға дене күшін қолданған және ғимаратқа қарай кетіп бара жатқан Р.-дың соңынан жүруін жалғастырған жәбірленуші Н. болды. Р.-ның  жауап ретінде жасаған әрекеттеріне дәл осы жанжал себеп болған", - дейді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

    Осыған байланысты кассациялық сот апелляциялық сатының "бұзақылық ниетпен" деген саралау белгісін алып тастау және Р.-дың әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағынан 99-бабының 1-бөлігіне, яғни адамды қасақана  өлтіру  ретінде қайта саралау туралы шешімін негізді деп таныды.

    Сондықтан Кассациялық сот облыстық соттың Р.-ға тағайындаған жазасын 16 жылдан 14 жылға дейін төмендеткенін заңды деп тапты.

    Алматыдағы полицейдің өлімі: Кассациялық сот іс бойынша сотталған адамның жаза мерзімін қайта қарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram