jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда тұрғын үй ауласынан күдік тудырған пакет табылды: ішінен оқ-дәрілер шықты (видео)

    Оқ-дәрілер
    Оқ-дәрілер. Видеодан кадр: Алматы полиция департаменті

    Алматының Әуезов ауданына қарасты бірінші шағынауданда тұрғын иесіз жатқан пакетті байқап, полицейлерді шақырған, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында мәлімдегендей, шақырту түскен бойда оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

    Полиция өкілдері пакет ішіндегі заттар айналадағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

    "Пакет ішінен патрондар және өлімге әкеп соқтырмайтын, газды граната болуы мүмкін зат табылды.

    Барлық тәркіленген зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар табылған заттардың түрі мен сипаттамаларын анықтайды.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқ-дәрілердің қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және тұрғын үй ауласында қандай жағдайда пайда болғанын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

    Бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде.

    Полиция күдік тудырған заттар табылған жағдайда оларға қол тигізуге немесе орнынан қозғауға болмайтынын, қауіпсіз жерде тұрып, дереу "102" нөміріне хабарлау қажеттігін ескертеді.

    Алматыда тұрғын үй ауласынан күдік тудырған пакет табылды: ішінен оқ-дәрілер шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.