jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Тараздағы балабақшада мүмкіндігі шектеулі баланы қинаған": қылмыстық іс қозғалды

    Тараздағы оңалту орталығы
    Тараздағы оңалту орталығы. Кадр видеодан: КТК телеарнасы

    Тараздағы балабақша тәрбиешісі сөйлей алмайтын сәбидің аяқ-қолын байлап, қинағаны көпшілік ашуын туғызған. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу бастады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода оңалту орталығындағы түскі демалыс кезі бейнеленген. Қызметші аутизмі бар баланың аяқ-қолын матап тастағаны айқын көрінеді. Тыпыршып, босап шығуға тырысқан бүлдіршін құлап, басын жарып алған екен. Осы жағдайдан соң тәрбиеленушінің ата-анасы арыз жазып, тексеруді талап етті.

    Жәбірленушілердің айтуынша, бұған дейін де үлкен баласына тура осы орталықта зәбір көрсеткен екен. Ол кезде мекеме басшылығы әкімшілік жазамен құтылыпты. Полиция енді оңайшылықпен жауапкершіліктен сытылмайды деп сендірді. 

    "Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаға қатысты тұлғалардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында", - деп пікір білдірді Әулиеата ауданы полиция бөлімінің бастығы Мергенбай Қойкенов.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Тараздағы балабақшада мүмкіндігі шектеулі баланы қинаған": қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.