jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тұтас арсенал табылды": Алматыда қару-жарақ жасырылған орын анықталды (видео)

    Қару
    Қару. Видеодан кадр: Алматы ПД

    Алматыда полицейлер қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды мегаполис полициясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдегендей, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтаған.

    "Оның ішінен тұтас арсенал табылды. Полиция қызметкерлері газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі. Барлық тәркіленген зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

    Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауы тиіс.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Тұтас арсенал табылды": Алматыда қару-жарақ жасырылған орын анықталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.