jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бетперде киіп, үйге кірген": Түркістан облысында белгісіз біреулер әйелді аяусыз ұрып-соғып, азаптаған

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: t.me/gosrating

    Желіде Леңгір қаласында аяусыз соққыға жығылған әйелдің суреттері тарады. Оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Түркістан облысы Леңгір қаласында бетперде киген бірнеше адам жеке үйге басып кірген. Олар таң атқанша әйелді ұрып-соғып, азаптаған. Жәбірленуші аман қалды", - делінген жазбада.

    Этикалық себептерге байланысты біз бұл суреттерді жарияламаймыз. Онда денесі көгерген және жарақатынан беті ісіп кеткен әйелді көруге болады.

    Түркістан облысы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне Леңгір қаласындағы шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, түнде белгісіз адамдар тұрғын үйге басып кірген. Олар жәбірленушіге дене жарақатын салып, ұялы телефонын тартып алған.

    Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Полиция күдіктілерді тез арада ұстау үшін кешенді тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

    Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    "Бетперде киіп, үйге кірген": Түркістан облысында белгісіз біреулер әйелді аяусыз ұрып-соғып, азаптаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.