ШҚО-да аю адамға шабуыл жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шығыс Қазақстан облысында аю адамға шабуыл жасады. YK-news.kz хабарлауынша, оқиға салдарынан омартада жұмыс істейтін 58 жастағы ер адам зардап шеккен.
Оқиға биыл, шілденің соңында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының маңындағы демалыс базасының жанында болған. Зардап шеккен адаммен бірге болған екі ер адам оған көмектесіп, аюды қуып шықты. Тек осы әрекет қана адамның өмірін сақтап қалды.
Дегенмен ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімшесінде ем алды. Риддер қалалық ауруханасының мәліметінше, пациент басы, қолы мен аяғынан көптеген ауыр жарақат алған. Оның ішінде қол мен аяқтың ашық сынықтары мен ығысуы тіркелді.
19 тамызда пациент ауруханадан шығарылды. Қазір ол үйінде емін жалғастырып жатыр.
"Оқиғадан кейін бірден біздің инспекторлар оқиға орнына барды. Аң жойылды, қазір онда қауіп жоқ. Аюдың адамға неліктен шабуыл жасағанын нақты айта алмаймын", - деді Орман және аң шаруашылығы жедел әрекет ету отряды бастығының орынбасары Сергей Карманников.
Ол биыл тұрғындардан көптеген өтініш түсіп жатқанын қосты. Инспекторлар оқиға орнына барып, аюларды үркітіп жібереді. Адам өміріне нақты қауіп төнген жағдайда ғана аңды атып тастайды.
"Малға шабуыл жасаған немесе адам аюды жақыннан кезіктіріп қалған жағдайлар болды. Бірақ бұл менің тәжірибемдегі аюдың адамға алғаш рет шабуы. Мен жедел отрядта үш жыл, ал орман шаруашылығында 20 жылға жуық жұмыс істеп келемін, мұндай жағдай есімде жоқ", - деп атап өтті Сергей Карманников.
Оның айтуынша, ШҚО-да аюлардың саны көбейген. Өткен жылы инспекторлар аюлардың көп төлдегенін байқаған. Әр аюда екі-үштен қонжығы болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2417465-shqo-da-aiu-adamga-shabuyl-zhasady/
