"6 жасынан бастап": ШҚО-да ер адам туған қызын зорлады деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шығыс Қазақстан облысында ер адам туған қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Halyqstan Telegram-арнасының мәліметінше, бейресми ақпарат бойынша, қыз бала алты жасынан бастап бірнеше жыл бойы әкесі тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оқиға Риддер қаласында болған. Қазіргі таңда қыз 13-14 жаста.
Ер адамның жұмыс орнында ұсталғаны хабарланды.
ШҚО полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне Риддер қалалық полиция бөлімі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын жеткізді.
"Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2417475-6-zhasynan-bastap-shqo-da-er-adam-tugan-qyzyn-zorlady-degen-kudikke-ilindi/
