"Күлгені үшін" полиция қызметкерлері жазалағанын айтқан қыз қамауға алынды
Жарияланған күні:

Қызылордада бұған дейін желіде полиция "күлгенім үшін" жауапкершілікке тартты деген бойжеткен қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін полиция қыздың "күлгенім үшін" жазалады деп жалған ақпарат таратқанын айтқан.
Полиция мәліметінше, Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны түнгі уақытта тыныштықты бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ол әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған әкімшілік айыппұлдар салынды және ресми ескерту берілді.
Қабылданған шаралардан кейін бойжеткен желідегі тиісті жазбасын өшірді.
ІІМ полция қызметкерлеріне құрметсіздік таныту, арандатушылық әрекеттер жасау және жалған ақпарат тарату заң аясында жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2417634-kulgeni-ushin-politsiia-qyzmetkerleri-zhazalaganyn-aitqan-qyz-qamauga-alyndy/
