jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Аямайтынын түсіндім": атыраулық жүкті келіншек күйеуінен жәбір көріп, ауруханаға түскенін айтты

    дәрігер және жүкті келіншек
    Дәрігер және жүкті келіншек. Видеодан кадр: КТК телернасы

    Атырау облысының Индер ауданында жүкті әйел ауруханаға түсті. 32 жастағы үш баланың анасы төртінші сәбиіне аяғы ауыр. Ол күйеуінен жәбір көргенін айтады. Оның сөзінше, күйеуі бұрын да ұрып-соғып келген. Бұл жолы көршісінің үйіне қашуға мәжбүр болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, қазір жүкті келіншек Атырау облысы Индер ауданы ауруханасында. Ақбөбек сол түні не болғанын көзіне жас алып еске алды. Күйеуі бұрыннан қол жұмсайтынын, бірақ бұл әрекетін уақыт өте қоятын болар деп кешіріп келгенін айтып жылады. Бұл жолы көршісінің үйіне қашып барып жан сауғалаған. Сол жерден жедел жәрдем шақырған.

    Оның айтуынша, күйеуі сол түні үйге мас боп келген.

    "Жатқан едім, сол кезде екі рет ұрды. Басым, құлағым бәрі шыңылдап кетті. Сол кезде кіші қызым тұрып кетті, балаларымның екеуі де ояу жатқан екен. Олар қорыққаннан, ұйықтап жатқан кейіп танытқан. "Мама, біз қатты қорықтық" дейді. Аямайтынын түсіндім, өліп кетсем де сол жерде", - дейді Ақбөбек Оразбаева.

    Жәбірленушінің айтуынша, ауруханаға келген полиция қызметкері оны қорғаудың орнына, "отбасыңды сақта" деп сабырға шақырған.

    Осыдан үш күн бұрын ауруханаға түскен Ақбөбек Оразбаева – үш баланың анасы. Төртіншісіне аяғы ауыр. Дәрігерлер қазір оның жағдайы қалыпты, ми шайқалып, емделіп жатқанын айтады.

    "Келгендегі жарақатының көбі басында, жақ тұсында, сол жақ аяғында қанталаған іздер бар, ішім ауырады деген, хирургия бөлімінде емделіп жатыр. Қазіргі жағдайы қалыпты. Жүктілікке байланысты акушер-гинекологқа қаралды", - деді Индер ауданы ауруханасының хирургі Асланбек Ермұханов.

    Ақбөбек Оразбаеваның туыстары құзырлы органның қылмыстық іске бейқам қарап отырғанына ашынады. Айтуынша, жүкті әйелін аяусыз жұдырықтаған күйеуді полиция ұстауға асықпаған. Тек олардың табанды талабынан кейін ғана 24 сағатқа қамап, кейін босатқан. Ал бостандыққа шыққан ол ауруханада жатқан әйеліне барып, тағы мінез көрсеткен.

    Олар күйеу баланың қамалуын, заң алдында жазасын алуын талап етеді. Телеарна мәліметінше, полиция оны тергеу изоляторына қайта қамады.

    Дереккөз: КТК

    "Аямайтынын түсіндім": атыраулық жүкті келіншек күйеуінен жәбір көріп, ауруханаға түскенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.