jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ұлытау облысында пәтер өртеніп, төрт бала құтқарылды

    Өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Сәтбаев қаласындағы бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ғимараттан 19 тұрғын шығарылды, олардың арасында төрт бала болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өрт Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы Ерден көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болды. Жалын екінші қабаттағы пәтерден шыққан.

    "ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізуге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында 15 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Құтқарушылар 19 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Ұлытау облысында пәтер өртеніп, төрт бала құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.