Петропавл барындағы жанжал: бірнеше адам жараланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Петропавлдағы барлардың бірінде екі адам пышақ жарақатын алды. Зардап шеккендердің арасында күзетші де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметінше, бақылау камерасына бар галереясында күзетші пышақ жарақатын алған сәті түсіп қалған.
"Қазіргі таңда кісі өлтіруге оқталу күдігімен Абай облысының тумасы, 33 жастағы бұрын сотталған азаматқа іздеу жарияланды", - делінген жарияланған кадрлар сипаттамасында.
СҚО полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне аталған дерек бойынша полиция екі қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасында жанжал туындап, оның барысында қатысушылар пышақ жарақатын алған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
СҚО ПД ақпаратына сәйкес, күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Назар аударыңыз! Жүйкесі жұқа жандарға көруге болмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2418062-petropavl-baryndagy-zhanzhal-birneshe-adam-zharalandy/
