Қабырғасы сынып, тісі түсіп қалды: Оралда үйлену тойындағы әзіл соңы жанжалға ұласты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Орал қаласында үйлену тойында "тентек кәде" дәстүрі кезінде жанжал шықты. Салдарынан қонақтардың бірі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, Оралдағы тойлардың бірінде қонақтар "тентек кәде" рәсімін өткізген. Бұл дәстүр барысында мерекені қызықты етіп, құдаларды жақындастыру үшін әзілдер мен ойындар ұйымдастырылады.
Алайда күйеу жігіт жағынан келген қонақтардың бірі әзілді түсіне қоймады. Ол әзілдеген ер адамға ашу үстінде жұдырық сермеген.
Зардап шеккен азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оның қабырғалары сынып, бірнеше тісі түсіп қалған. Қазіргі таңда жанжалдың мән-жайы мен денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесі анықталуда.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлады. Соған қарамастан, жанжалға қатысушылардың жеке басы анықталып, қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.
"Азаматтардың өз түсіндірмелеріне сәйкес, болған жағдай қойылым сипатында болған", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2418405-qabyrgasy-synyp-tisi-tusip-qaldy-oralda-uilenu-toiyndagy-azil-songy-zhanzhalga-ulasty/
