Кентауда аулалардың бірінен адам денесі табылғаны рас па
Жарияланған күні:

Кентауда полицияға көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы ақпарат түскен. Хабарлама расталмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Кентауда полицияға Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. Полиция аталған аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырды және көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2418534-kentauda-aulalardyng-birinen-adam-denesi-tabylgany-ras-pa/
