jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде бейәдеп сөйлеп видео жариялаған қазақстандық қамауға алынды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Оралда полиция қызметкерлері желіге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөз бен өзге азаматтарға қатысты балағат сөз айтқан адам қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IIМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    Оралда полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.

    "Жүргізілген іс-шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол – Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.

    Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу мақсатында ұдайы түрде мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады.

    Желіде бейәдеп сөйлеп видео жариялаған қазақстандық қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.