Прокурорлар табысын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған қазақстандықтарды анықтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Байқоңырда атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу фактілері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Байқоңыр қаласының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда табысын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған 6 адамға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,6 млн теңге артық төленген.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде заң бұзушылық жойылып, екі азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді. Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралуда.
"Мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2418561-prokurorlar-tabysyn-zhasyru-arqyly-atauly-aleumettik-komekti-zangsyz-algan-qazaqstandyqtardy-anyqtady/
