jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Желіде Атырауда ұсталған қыздар туралы видео тарады: полиция түсінік берді

    ұсталғандар
    Ұсталғандар. Видеодан кадр: instagram.com/atyrauoil.official

    Желіде Атырау қаласы Тасқала ауылында ұсталған қыздардың видеосы тарады. Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Атырау қаласының Тасқала ауылында есірткі "закладкаларын" қоюмен айналысты деген күдікпен екі кәмелетке толған қыз ұсталды" - делінген жарияланған кадрлардың сипаттамасында.

    Атырау облыстық полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне түсіндіргеніндей, 25 тамызда сағат 16:25 шамасында Атырауда есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікпен екі қыз ұсталды.

    "Аталған факті бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Содан кейін заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

    Желіде Атырауда ұсталған қыздар туралы видео тарады: полиция түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.