Алматы облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысында ер адамды пышақтап кеткен. Полиция қызметкерлері адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен күдікті сөз таластырған. Сол кезде күдікті ер адамға екі рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.
Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2418734-almaty-oblysynda-er-adam-pyshaq-zharaqatynan-koz-zhumdy/
