jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Екі жасар қызымды туған әкесі қорлады": өскемендік ана құзырлы органдардан араша сұрады

    қыз бала
    Бүлдіршін. Көрнекі фото: pexels.com

    Өскемендік үш баланың анасы Айнұр Сүлейменова құзырлы органдардан араша сұрап, желіде видео жариялаған. Оның айтуынша, биыл ақпанда қозғалған қылмыстық іс созылып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Айнұр Сүлейменованың әділдік талап етіп зар жылаған видео үндеуі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде. Оның айтуынша, екі жастан асқан перзенті туған әкесінен қорлық көрген. Ал мұны бүлдіршіннің өзі анасына әкесінің іс-әрекетін жіпке тізгендей баяндап берген көрінеді. Артынша әйел қаршадай қызын дәрігердің қарауына апарған.  

    "Ол маған айтқан сәтте, бірден қызымды гинекологқа апардым. Тексергенде, әуретті жері қызарып кеткен. Қабынған жерін екі апта емдедік. Оның қорытындысы бар. Ал қызым маған әкесінің үнемі әуретті жерін ұстағанын айтты", - дейді Айнұр Сүлейменова.

    Анасы қызының қатты шошынып қалғанын айтады. Соның кесірінен шынашақтай бала түні бойы кірпік ілмей шығатын көрінеді. Енді үш баланың анасы күйеуінің жазаға тартылуын талап етуде. Оның айтуынша, осы жылдың ақпан айында қозғалған қылмыстық іс сағызша созылып кеткен.

    "Кәмелетке толмаған баланың анасы ретінде әділдік орнағанын қалаймын! Қызымның құқығын қорғаңыздар!  Қылмыстық іс 121-баптың 4-бөлігі бойынша қозғалған еді. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Құзырлы органдардан бұл оқиғаны қатаң бақылауға алуын сұраймын", - дейді Айнұр Сүлейменова.

    Ал полиция қызметкерлері күдікті әкеге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қазір ол үй қамаққа алынған.

    "Күдіктіге заңда белгіленген тәртіппен бұлтартпау шарасы таңдалды. Кейін тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы үйқамаққа өзгертілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет әрекеттер жүргізілуде", - деп пікір білдірді аталған іске қатысты ШҚО ПД баспасөз қызметі.

    Алайда әділдік талап кеткен ана оның ауыр баппен қозғалған қылмыстық істе үйқамаққа алынғанына алаңдаулы. Сондықтан Айнұр Сүлейменова іс жылы жабылып кете ме деп күдіктенеді.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Екі жасар қызымды туған әкесі қорлады": өскемендік ана құзырлы органдардан араша сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.