jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БҚО-да ер адамның денесі қоқыс шұңқырына көмілген жерінен табылды

    Пышақ
    Пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Батыс Қазақстан облысының тұрғыны туысын өлтірді деген айыппен сот алдына келді. Марқұмның денесі сотталушының үйінің артындағы қоқыс шұңқырынан табылған, деп хабарлайды "Мой город"

    БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Жәнібек ауданының тұрғынына қатысты іс қаралып жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды.

    Айыптау актісіне сәйкес, қайғылы оқиға ішімдік ішіп отырған кезінде болған. Күдікті мен оның туысы арасында жанжал туындаған. Ер адам үстел үстінен ас үй пышағын алып, жәбірленушіге кемінде 15 рет сұққан. Оның екеуі мойын тұсына, біреуі бетіне, ал қалған 12 соққы кеудесі мен іш қуысына тиген. Сонымен қатар ол жәбірленушінің басын, жақ сүйегі мен қабырғасын жұдырығымен және шынтағымен ұрған.

    Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстың ізін жасыру үшін айыпталушы мәйітті үйдің артына апарып, қоқыс шұңқырына көміп тастаған делінеді.

    Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Асхат Тілеулиев қылмыстың аса қатыгездікпен жасалғанын атап өтті. Ол жарақаттардың сипаты мен орналасуына, яғни өмірлік маңызды мүшелерге жасалған соққыларға және мәйітті жасыру әрекетіне назар аударды.

    Сот талқысы жалғасуда. Заңға сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімі ғана айыпталушының кінәлі екенін анықтайды.

    БҚО-да ер адамның денесі қоқыс шұңқырына көмілген жерінен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.