Оралда дропперлерді іздеп, қылмыстық іске тартумен айналысты деген адамнан ақша тәркіленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оралда интернет-алаяқтықты ұйымдастырды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, күдікті тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынған. Ол аталған адамдарға банктен есепшоттар мен карталарды ресімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын қолдануды өзіне беруді ұсынған. Барлығы 40-қа жуық дроппер анықталды.
Кейін олардың банк есепшоттары мен карталары азаматтардан интернет-алаяқтық арқылы ұрланған ақшалай қаражатты аудару үшін пайдаланылған.
Тінту барысында күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM-карталар мен банк карталары тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпас шараны санкциялады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, қосымша эпизодтар мен дропперлік қызметке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2419283-oralda-dropperlerdi-izdep-qylmystyq-iske-tartumen-ainalysty-degen-adamnan-aqsha-tarkilendi/
