Астанада көлігіне мемлекеттік нөмір орнына "Kazak" деп жазып алған шетелдік жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзған шетел азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды елордалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана қалалық ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына "Kazak" деп жазып алған Lexus автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 45 жастағы шетел азаматы болған.
"Тексеру барысында жүргізушінің көлікті мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің болуына қойылатын талаптарды бұза отырып басқарғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.
"Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде заңнама талаптарын сақтаудың қажеттігін ескертеді. Белгіленген талаптарды бұза отырып көлік басқару заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2419351-astanada-koligine-memlekettik-nomir-ornyna-kazak-dep-zhazyp-algan-sheteldik-zhauapqa-tartyldy/
