jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада терезеден дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

    сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Астанада ғимараттың терезесінен дәрет сындырған ер адамға қатысты сот шешімі шықты. Ол ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, елорданың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ж.-ға қатысты қаулы жариялаған (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

    "Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің баспалдақ алаңында қоғамдық тәртіптің бұзылу фактісі түсірілген бейнежазба тараған болатын.

    Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылғы 24 тамызда сағат 00:30-да Ж. тұрғын үйдің баспалдақ алаңында болып, кіреберістің терезесінен көшеге қарай кіші дәрет сындырған. Осылайша Ж. ұсақ бұзақылық жасаған", - делінген сот таратқан хабарламада.

    Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Оның кінәсі іс материалдарымен және бейнежазбамен дәлелденген.

    ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.

    "Жаза тағайындау кезінде сот әрекеттің сипатын, қоғамға деген құрметсіздікті және әлеуметтік желілердегі оқиғаның жариялылығын ескерді.

    Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Астанада терезеден дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.