Павлодар облысында 14 жыл бұрын болған ауыр қылмыс ашылды
Жарияланған күні:

Павлодарда 14 жыл бұрын болған ауыр қылмыс ашылды. 62 жастағы әйелді зорлап, өлтірді деген күдіктінің қылмысқа қатысы сараптама арқылы расталған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Сол кезде қылмысқа кінәлі адамды анықтау мүмкін болмаған көрінеді. Жедел қызметкерлер мен криминалистер қылмыстық істі қайта қарап, бұрын жиналған дәлелдерді тексерген. Нәтижесінде бұрын сотты болған 62 жастағы күдікті анықталды. Оның қылмысқа қатысы генетикалық сараптама арқылы расталды.
"Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеді. Тексеру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты. ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - дейді ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті басқарма бастығының орынбасары Әлібек Ералиев.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2419401-pavlodar-oblysynda-14-zhyl-buryn-bolgan-auyr-qylmys-ashyldy/
