jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды: қаза тапқан шетел азаматы болып шықты

    Көрнекі фото: пышақ ұстаған ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Алматы облысында жанжал кезінде ер адам пышақ жарақатын алған еді. Қаза тапқан Өзбекстанның азаматы екені анықталды. Ол нан сатумен айналысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.

    Оқиға Ақтас ауылында болған. Марқұм 35 жаста еді. Ол соңғы 5 жыл бойы тандыр нан пісіріп, сатқан.

    Жергілікті тұрғындар оны жақсы жағынан сипаттайды. Олар ер адамның ешкіммен жанжалдаспағанын, тіпті жұма күндері нанды тегін таратқанын айтады.

    Алдын ала нұсқа бойынша, ер адамдар өзара сөзге келіп қалған. Ауызша жанжал дереу төбелеске ұласты. 56 жастағы күдікті пышақ ала жүгірген.

    "Полиция қызметкерлері адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 56 жастағы күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол кінәсін мойындады", - деді өңірлік ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

    Дереккөз: КТК

    Бұған дейін Алматы облысындағы жанжал кезінде ер адамның пышақ жарақатынан көз жұмғанын жазғанбыз. Полиция қызметкерлері адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Алматы облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды: қаза тапқан шетел азаматы болып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.