jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Талғарда 8 жасар қызға азғындық жасамақ болды деген күдікпен ер адам ұсталды

    Артқа қарап тұрған қыз
    Артқа қарап тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Талғарда 8 жасар қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болды деген күдікпен ер адам ұсталды. "Астана" телеарнасының мәліметінше, анасы күдікті баланы алдап, жымысқы әрекетін іске асыруға әрекеттенгенін айтып отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Анасының айтуынша, күдікті көшеде велосипед теуіп жүрген қызды дөңгелекке тас тұрып қалыпты деп тоқтатқан көрінеді. Жөндеп беремін деп сендірген ол автобустың артына қарай ертіп әкетіп, жымысқы әрекетін іске асырмақ болған, дейді анасы.

    Телеарна дерегінше ер адам масаң күйде болған және қыз амалын тауып, үйіне қашып келген.

    Үйіне жете сала, ата-анасына болған жайтты айтып беріпті. Сол маңдағы көршінің баласы да бір ер адамның балаларға тиіскенін байқаған.

    Жәбірленушінің анасы бұл жағдай назардан тыс қала ма деп алаңдайды. Сондықтан дабыл қағып, құзырлы органдардан көмек сұрап отыр. 

    Аталған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүріп жатыр.

    "Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша оқиғаның мән-жайларын объективті, толық және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

    Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Бүгінде 8 жасар қыз үйінен шығуға қорқып, ешкіммен сөйлескісі келмейді. Ал бұл жағдай жергілікті тұрғындардың да алаңдаушылығын күшейткен. Ата-аналар балаларын ойнауға, тіпті мектепке жіберуден қауіптеніп отыр.

    Талғарда 8 жасар қызға азғындық жасамақ болды деген күдікпен ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.