jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодарда кәсіпорыннан ұрланған 24 млн теңге алма ағашы түбіндегі кастрөлдің ішінен табылды

    Күдіктінің ұсталуы
    Күдіктінің ұсталуы. Фото: polisia.kz

    Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полицияға Павлодар қаласындағы ЖШС-ның бірінен ақша ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі шамамен 25 млн теңге. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорында жұмыс істеген күзетшіні күдікті ретінде анықтады.

    Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.

    "Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді", - дейді Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Павлодарда кәсіпорыннан ұрланған 24 млн теңге алма ағашы түбіндегі кастрөлдің ішінен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.