jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бетінен ұрған": СҚО-да пациент пен дәрігер арасындағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды

    дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Петропавлда 51 жастағы пациент пен дәрігер арасындағы жанжал медицина қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық істің қозғалуына себеп болды. Бұл туралы СҚО ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, 17 тамызда таңертең қабылдауға келген 51 жастағы қала тұрғыны дәрігермен сөйлескен. Әңгіме барысында дау туындаған.

    "Полицияға түскен арызға сәйкес, медицина қызметкерінің ескертуіне ер адам агрессивті жауап беріп, оның бетіне соққы жасаған.

    Полиция қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

    СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметовтің айтуынша, бұл – өңірде медицина қызметкеріне күш қолдануға қатысты тіркелген екінші жағдай.

    "Маусым айында Шал ақын ауданында жол-көлік оқиғасынан кейін көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкеріне мас күйдегі ер адам күш қолданған. Сот оны 1,5 жылға бас бостандығынан айырды", - деді Әлібек Құжахметов.

    "Бетінен ұрған": СҚО-да пациент пен дәрігер арасындағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.