ШҚО-да түрмеде отырған ер адам жұмыс істеп жерінен қашып кеткен
Жарияланған күні:

Шығыс Қазақстан облысында №24 ҚАЖД мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам колониядан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып, жазасынан жалтармақ болған, деп хабарлайды YK.KZ-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ер адам мекемеден тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып, жазасын одан әрі өтеуден жалтаруды ұйғарған.
Сотталған ер адам мекемеге қайтып оралмағаны анықталған бойда ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Арада бес сағат өткенде оның бағыты анықталды.
ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, оны басқа өңірдің аумағында ұстады. Осылайша ол үйіне жетпей, жолда ұсталған.
"Қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында қысқа мерзімде ер адамның жүрген бағыты анықталып, ол басқа өңірден ұсталды", - деп пікір білдірді ШҚО бойынша ҚАЖД ресми өкілі Салтанат Ожықанова.
Қазіргі уақытта сотталған ер адам ұсталды. Жазаны өтеуден жалтару фактісі бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2420031-shqo-da-qylmysker-turmeden-qashyp-ketti/
