jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстауда бір топ жасөспірім қызды ұрып, оқиғаны видеоға түсірген

    Полицей
    Полицей. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қызды бір топ жасөспірім ұрып-соққан. Оқиға сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тараған, деп хабарлайды kazinform.

    Бейнежазбада қыздың тізерлеп отырғаны, кейін бірнеше адамның оны ұрып-соққаны көрінеді. Полиция осы оқиғаға қатысы бар барлық баланы анықтап, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді.

    "Оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті.

    Полицияның мәліметінше, іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданған. Ал жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды.

    Құқық қорғау органдары жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен профилактикалық жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

    Маңғыстауда бір топ жасөспірім қызды ұрып, оқиғаны видеоға түсірген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.