jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Анасын қорғамақ болған": Қостанайда өгей ұлын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

    пышақ ұстаған ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: Alex Potemkin/Getty Images

    Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны өгей ұлын өлтіргені және жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін сотталды. Сот оны 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қостанай соттарының дерегінше, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жітіқара қаласының тұрғынына қатысты адам өлтіру, яғни басқа адамды заңсыз қасақана өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық істі қараған.

    Сот 2026 жылғы сәуірде сотталушы жанжал барысында алкогольдік масаң күйде жұбайының іш тұсына пышақпен соққы жасап, оған ауыр дене жарақатын келтіргенін анықтады. Сонымен бірге жәбірленушінің айқайын естіген әйелдің кәмелетке толмаған ұлы оқиға орнына жүгіріп барып, өгей әкесін тоқтатпақ болған. Ол өгей әкесінің қолындағы пышақты қағып жіберуге әрекет жасаған. Алайда ер адам оның кеуде тұсына пышақпен төрт рет соққы жасаған. Алған жарақаттарының салдарынан кәмелетке толмаған бала қайтыс болған.

    Оқиға мұнымен де аяқталмаған. Ол жұбайын өлтіруге бағытталған әрекетін жалғастырып, оған қайтадан пышақ ала жүгірген. Осы кезде жәбірленушінің ағасы араша түсіп, оның қолындағы пышағын тартып алған.

    "Жәбірленушілер сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот отырысында сотталушы тағылған айыптарды толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады.

    Сот ер адамға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу арқылы 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

    "Анасын қорғамақ болған": Қостанайда өгей ұлын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.