jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ақтауда балалар мысықтарды баспалдақтан лақтырған": еріктілер дабыл қақты

    мысық
    Мысық. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтауда балалар мысықтарды баспалдақтан лақтырып, қатігездік жасаған. Бұл туралы жануарларды қорғаушылар мәлімдеді. Еріктілер балалар қорлық көрсеткен төрт мысықты алып кеткенін айтты, деп хабарлайды Lada.kz.

    Жануарларды қорғаумен айналысатын "Шанс" және "Милосердие" қоғамдық қорлары жануарға жасалған кезекті қатыгездік оқиғасы тіркелген видеоны жариялады.

    Оқиға кеше, 30 тамызда, 35-шағын аудандағы №1Б үйінің үшінші кіреберісінде болған.

    "Милосердие" қоры еріктілерінің айтуынша, марғаулардың бірі қазір ветеринарлық стационарда ауыр жағдайда жатыр. Еркіндік сақшылары жануарды алдымен кіреберісте лақтырып, кейін бесінші қабаттан тастап жібергенін айтады. Марғаудың ішкі ағзасы зақымданған, миы шайқалған, мұрны қатты ісіп кеткен, мұрны мен аузынан қан ағып жатыр.

    Еріктілер оқиғаның нақты мән-жайын бейнебақылау камералары арқылы анықтауды көздеп отыр. Сонымен қатар мысықтар жарақатын тіркеу және кәмелетке толмағандардың ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін жануарды медициналық куәландыруға алып барды.

    Еріктілер балалар жануарларды қорлап, баспалдақтан лақтырғанын мәлімдеп отыр.

    Олардың айтуынша, жануарларды алып кетуге тырысқан кезде ересектер мен балалар "Милосердие" қорының жетекшісіне тіл тигізе бастаған. Еріктілер төрт мысықтың төртеуін де өзімен бірге ала кеткен. Екі мысық уақытша күтімге жіберілді, ал қалған екеуін "Милосердие" қорының жетекшісі өзіне алды.

    "Ақтауда балалар мысықтарды баспалдақтан лақтырған": еріктілер дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.