jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда бомбапанаға кірмек болған екі адам ұсталды (видео)

    Бомбапанадағы полицейлер
    Бомбапанадағы полицейлер. Кадр: instagram.com/almaty.police

    Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі екі тұрғынның қалалық бомбапанаға кіруге әрекет жасағанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Полиция өкілдерінің айтуынша, түнгі уақытта "102" пультіне қоңырау түсті. Әдетте көпшіліктің назарынан тыс қалатын нысанда күдікті жағдай тіркелген.

    Абай даңғылы мен Тлендиев көшесінің қиылысында екі жас жігіт бомбапанаға кіруге әрекет жасаған. Нысанға жауапты кәсіпорын басшылығы дереу полицияға хабарлаған.

    Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл жерге бөгде адамдардың заңсыз кіруге әрекет жасауы бұған дейін де болған. Нысанның ішінде бағалы заттар болмаса да, кей кездері сырт адамдардың назарына ілігіп отырған.

    Бұл жолы полиция қызметкерлері екі жігіттің құлыпты бұзуға әрекеттенгенін және өздерімен бірге тиісті құралдар алып жүргенін анықтады. Екеуі де Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    Жастар қызық көргендіктен осылай жасағандарын түсіндіріп, бұл орын туралы біреуден естігендерін айтқан.

    Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және нысанға кіруге әрекет жасаудың нақты себептерін анықтап жатыр.

    "Қызығушылық жауапкершіліктен босатпайды. Ал жабық нысан – сынақ жасап, тәуекелге баратын орын емес", - деп ескертті полиция өкілдері.

    Алматыда бомбапанаға кірмек болған екі адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram