Алматыда балалар көпірден өзенге секірген: полиция тексеруді бастады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматылықтар әлеуметтік желіде жарияланған Үлкен Алматы өзені үстіндегі көпірде ойнап жүрген видеосын талқылап жатыр. Балалар көпірден суға секіретіні хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алматыдағы Үлкен Алматы өзенінің үстіндегі көпірде ойнап жүрген балалардың видеосын Instagram-дағы krisp_almaty парақшасы жариялады.
"Үлкен Алматы өзеніндегі видео: балалар Әл-Фараби даңғылынан төмен орналасқан көпірден және құбырдан суға секіріп жатыр. Автордың айтуынша, өтіп бара жатқан адамдар оларды бұл жерден жиі байқайды.
Мұндағы бетон арнадағы өзеннің тереңдігі шамамен 30-50 сантиметр ғана. Ал олар шамамен төрт метр биіктіктен секіреді", - делінген жарияланымда.
Алматы қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тексеру ұйымдастырды. Видеода кәмелетке толмағандардың Үлкен Алматы өзенінің арнасына көпір мен құбырдан секіріп жатқаны көрсетілген.
"Оқиға орнына полиция жасақтары дереу жіберілді. Аумақты тексеру барысында өзен арнасына секіріп жатқан кәмелетке толмағандар анықталған жоқ.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қосымша тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Оның ішінде оқиғаның мән-жайын анықтау және кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау үшін жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбалары қаралуда", - деп хабарлады полиция.
Ведомство жағдайдың полиция бақылауында екенін нақтылады.
"Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет екенін еске саламыз. Көпірлерден және басқа да құрылыстардан өзен арнасына секіру кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
Полиция азаматтарды бей-жай қарамауға шақырады. Осындай жағдайларды байқаған кезде 102 нөмірі бойынша полицияға дереу хабарлау қажет", - деп қосты құқық қорғау органдары.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2420936-almatyda-balalar-kopirden-ozenge-sekirgen-politsiia-tekserudi-bastady-video/
